1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Футбол

"Барселонаның" жаңа президенті сайланды 08 наурыз 2021, 12:23

"Барселона" футбол клубының жаңа президенті сайланды. Клуб президенті болып 58 жастағы испан заңгері Жоан Лапорта атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фото twitter.com/FCBarcelona Фото twitter.com/FCBarcelona

"Барселона" футбол клубының жаңа президенті сайланды. Клуб президенті болып 58 жастағы испан заңгері Жоан Лапорта атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоан Лапорта бұған дейін де "Барселона" президенті болған - ол бұл қызметті 2003-2010 жылдар арасында атқарды. Осы кезеңде клуб төрт рет Ла Лиганы, екі рет Чемпиондар лигасын жеңіп алды. Жалпы алғанда 12 турнирде топ жарған.  

Клуб президентіне кандидаттар қатарында Виктор Фонт пен Тони Фрейша болды. Эмили Руссо мен Аугусти Бенедито сайлауды жалғастырмай, өз кандидатурасын алып тастаған.

Сайлау нәтижесі бойынша Лапорта 54,28 пайыз (30 184 дауыс) жинады. Виктор Фонтқа 29,99 (16 679), Тони Фрейшаға 8,58 (4 769) адам дауыс берген.

Былтыр қазанда Хосеп Мария Бартомеу "Барселона" президенті қызметінен қуылған болатын. Соңғы жылдары клуб нәтижесі төмендеп, команда капитаны Лионель Месси клубтан кетпек болған еді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!