01 ақпан 2015 17:42

Бекхэм мен Джеррард салық төлеуден жалтарған болуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

©newsru.com ©newsru.com

Атақты футболшы Дэвид Бекхэм мен оның әйелі Викторияға және Англия құрамасының экс-капитаны Стивен Джеррардқа салықтан жалтарды деген күдік келді, бұл туралы NEWSru.com  Sunday Times басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 


Атақты футболшы Дэвид Бекхэм мен оның әйелі Викторияға және Англия құрамасының экс-капитаны Стивен Джеррардқа салықтан жалтарды деген күдік келді, бұл туралы NEWSru.com  Sunday Times басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ұлыбритания салық органдарының мәліметінше, Корольдік азаматтығын алған кейбір танымал адамдар ағылшын киноиндустриясына салынған инвестиция есебінен айтарлықтай жеңілдікке заңсыз ие болған. Бірақ Бекхэмдер отбасының баспасөз хатшысы бұл деректі жоққа шығарды. "Біз клиенттеріміздің жеке қаржы мәселесін талқыламаймыз. Бірақ бұған дейін де бірнеше рет айтқанымыздай, Бекхэмдер әрқашан толық көлемде салық төлеп келді және олардың салық төлеуден жалтару схемасына қатысы болған емес", - деді ол. Кейбір мәліметтер бойынша отбасы мемлекетке миллион фунтқа жуық қаржы қарыз, Стивен Джеррард 386 мың фунт, ал танымал әнші Робби Уильямс екі миллион фунт берешек. 

Өткен жылы Дэвид Бекхэмнің соккерден Американың бас лигасында (MLS) өнер көрсететін футбол клубын құратыны хабарланған еді. Кейбір мәліметтер бойынша жаңа клуб бас лигада 2017 жылдан бастап ойнайтын болады. Оның базасы Майамиде орналасады. Футболшы қала мэрімен кездесіп, стадион салуға орын таңдау мәселесін талқылады. Стадион құрылысына қажет қаражат жеке көздерден бөлінетін болады.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети