03 ақпан 2014 17:21

Бір бүйрегі жоқ Каньяс "Астанада"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет fca.kz сайтынан Сурет fca.kz сайтынан

"Бір бүйрегі жоқ" деген желеумен Украинаның "Металлургі" бас тартқан Рохер Каньяс "Астана" клубымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Алаш айнасы" газетіне сілтеме беріп. Желтоқсан айында Донецкінің аталмыш клубы Қарағандының "Шахтерінің" бұрынғы футболшысымен келісімшартқа отырған болатын. Каньяс тіпті "Металлург" сапында жолдастық кездесулерге қатысып, бір рет гол да соққан еді. Алайда, жақында медициналық тексерістен өткен кезде денсаулығынан ақау табылады. Клубтың дәрігері Дмитрий Лисицынның айтуынша, Каньястың бір бүйрегі жоқ көрінеді... Осыдан соң, команда басшылары колумбиялық жартылай қорғаушыдан бас тартты. "Алмас қылыш қап түбінде жатпайды" дегендей кеншілер клубы сапында алмас қылыштай жарқылдаған Каньяс жұмыссыз бір күнде отырған жоқ. Оны "Астана" клубы бірден өз сапына шақырып, Анталияда-ақ екі жылдық келісім-шартқа отырды. "Астана" колумбиялық легионерді Валерий Коробкиннің орнына алып отырғандай. Былтырғы маусым аяқталысымен Коробкин «Ақтөбеге» кетіп қалған болатын. 23 жастағы жартылай қорғаушы былтыр "Шахтер" сапында ел біріншілігі аясында 26 ойын (4 гол), ал Еурододалар туы астында 12 ойын (2 гол) өткізген болатын. Сонымен қатар, кеншілер клубы сапында Қазақстан чемпионы, ел кубогы мен суперкубогының иегері атанған болатын. Өткен маусымда Қазақстан чемпионатының үздік жартылай қорғаушысы болып танылған. Қазақстанға келгенше "Сибирь" (Ресей), "Транзит" (Латвия), "Ягеллония" (Польша), "Индепендьенте Медельин" (Колумбия) клубтары сапында өнер көрсетіп, 2009 жылы Колумбия чемпионы болған. 20 жасқа дейінгі Колумбия жастары құрамасы сапында 12 ойын өткізіп, 3 гол соққан.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети