Бразилия құрамасының жанкүйерлері бүлік шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бразилия құрамасының жанкүйерлері бүлік шығарды

Футболдан әлем чемпионатында Бразилия құрамасы Германиядан ұтылғаннан кейін елдің түрлі қалаларында тәртіпсіздіктер басталды, полицияға кем дегенде 11 адам ұсталды, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап.

Рио-де-Жанейроның Копакабана жағажайындағы чемпионат ойындары тікелей көрсетілген жерден алты адам ұсталды. Олар жанкүйерлерге шабуыл жасап, төбелес ұйымдастырған.

Сан-Паулуда бұзақылар, алдын ала мәлімет бойынша, тоғыз автобусты өртеп, бір дүкенді тонаған. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, полиция күдікті ретінде бес адамды қолға түсірді, олардың екеуі кәмелетке толмаған.

Еске салайық, Бразилияда өтіп жатқан әлем чемпионатының алғашқы жартылай финалында Германия құрамасы жергілікті ұлттық команданы 7:1 есебімен күйрете жеңген еді. 

Алғашқы бес голды немістер бірінші таймда соқты. Гол авторлары: Томас Мюллер (11-минут), Мирослав Клозе (23-минут), Тони Кроос (24 және 26-минут) және Сами Хедира (29-минут). Екінші таймда пентакампиондар қақпасына Андре Шюррле екі гол (69 және 79-минут) салды. Матч аяқталар кезде ғана Бразилия ойыншысы қарсыластар қақпасына бір доп өткізе алды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети