Германия Бразилия құрамасын 7:1 есебімен күйрете жеңді

09 Шілде 2014, 09:13
0

Футболдан әлем чемпионатының бірінші жартылай финалында Германия құрамасы Бразилияны күйрете жеңді. 9 шілдеге қараған түні болған ойын 7:1 есебімен аяқталды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Алғашқы бес голды немістер бірінші таймда соқты. Гол авторлары: Томас Мюллер (11-минут), Мирослав Клозе (23-минут), Тони Кроос (24 және 26-минут) және Сами Хедира (29-минут). Екінші таймда пентакампиондар қақпасына Андре Шюррле екі гол (69 және 79-минут) салды. Матч аяқталар кезде ғана Бразилия ойыншысы қарсыластар қақпасына бір доп өткізе алды.

Еске салайық, Бразилия құрамасы бұрын-соңды бұлай күйрей жеңілген емес. Бұған дейінгі чемпионаттарда тек 3:0 есебімен ғана жеңілген. Неміс форварды Мирослав Клозе 16-голын соғып, әлем чемпионаттарының үздік шабуылшысы атанып отыр. Ол Роналдодан бір голға озды.

Екінші жартылай финалда Аргентина және Нидерланды құрамалары кездесетінін еске саламыз. Бұл ойынды "Қазақстан" және KAZsport арналары тікелей эфирде көрсетеді. Матч Астана уақыты бойынша сағат 01.45-те басталады. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай