Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Бразилияға ауған назарымызды Қазақстан құрамасы қыздарымен де бөліссек

12 Маусым 2014, 11:57
0
Фото Қазақстан футбол федерациясынан алынды
Фото Қазақстан футбол федерациясынан алынды

Футболдан ХХ әлем чемпионаты басталып, төрткүл дүниенің назары Бразилияға ауғанда, әйелдер арасындағы Қазақстан ұлттық құрамасы Алматыда жасыл алаңға шығып, ресми екі ойын өткізбек, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Алаш айнасы" газетіне сілтеме жасап.

Бұл екі ойын да – 2015 жылы Канадада өтетін әйелдер арасындағы әлем кубогының (чемпионатының) електік додасы аясында өтетін ресми матчтар. Қазақстан қыздары Еуропадағы осы әлем біріншілігінің електік додасында 7-топқа түскен. Қазір бұл топтағы қызу бәсеке көмбесіне тақап, аяқталуға айналды.

Қыздарымыз кезекті екі кездесуін бір-біріне іркес-тіркес Алматыда өткізеді. Әуелі, 14 маусым күні, яғни алдағы сенбіде Венгрия қыздарын қабылдайды. Одан соң 19 маусымда Австрия құрамасымен кездеседі. Екі ойында Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, 7 мамыр күні футболшы қыздарымыз елордадағы "Астана-Арена" стадионында Болгария құрамасын қабылдап, 4:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Осы ірі жеңіс аяқдопшы аруларымыздың өздеріне деген сенімділіктерін арттыра түсіп, әжептәуір қанаттандырған секілді. Енді алдағы екі ойында Венгрия және Австрия аруларын ұтса, 7-топта бірер саты жоғарылар еді.

Мұны теңбіл доп қуған аруларымыз жақсы түсінеді. Сол үшін аянбай тер төгіп, дайындалып та жатыр. Енді тек көрермендер көбірек жиналып, Қазақстан қыздарын демеп-жебеп, қарсыластырының мысын басса, нұр үстіне нұр болар еді...

Әлем кубогы. Әйелдер.
Еуропаның VІІ-електік тобы.

14 маусым: Қазақстан – Венгрия
Басталуы: 19:00-де. Алматы. Орталық стадион. Кіру тегін.

19 маусым: Қазақстан – Австрия
Басталуы: 17:00-де. Алматы. Орталық стадион. Кіру тегін.

1 Франция – 21 ұпай
2 Финляндия – 15
3 Австрия – 9
4 Венгрия – 6
5 Қазақстан – 4
6 Болгария – 1


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай