Чемпиондар лигасындағы ойындар үшін "Астана" қанша табыс көрді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Чемпиондар лигасындағы ойындар үшін "Астана" қанша табыс көрді? © REUTERS/Shamil Zhumatov

"Астана" командасы 2017/18 маусымындағы Чемпиондар лигасындағы ойындарын тоқтатты, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астана" командасы 2017/18 маусымындағы Чемпиондар лигасындағы ойындарын тоқтатты, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі.

Қазақастандық клуб топтық кезеңге шыға алмай қалды. Ал іріктеу кезеңінде "Атана" латвиялық "Спартак" (1:0, 1:1) пен польшалық "Легияны" (3:1, 0:1) жеңген. 

Екінші раундағы жеңіс үшін "Астана"320 мың еуро алды, үшінші айналым және плей-офф раунды үшін төлем қарастырылмаған. Ел чемпионы ретінде клуб 260 мың еуро иеленді. Сонымен қатар, Еуропа Лигасының топтық кезеңінің барлық қатысушыларына 2,6 миллион еуродан бөлінеді. 

Осылайша, "Астана" қазіргі кезге дейін 3 миллион 180 мың еуро табыс тапты. УЕФА төлемдері еурокубокатар аяқталған соң жасалады, яғни, келесі жылы маусымда. Соныме қатар, астаналық клуб маркетинг құқықғы үшін бонустық төлем алуы мүмкін. 

Еуропа Лигасының топтық кезеңде жеңіске жеткендер 360 мың еуро, тең ойнағандар 120 мың еуро алатынын айта кетейік. Еуропа Лигасындағы "Астана" қарсыластары 25 тамызда Монакода өтетін жеребе тарту кезінде белгілі болады. 

Еуропа Лигасының топтық кезеңіне 48 команда қатысады. Олар тқрт командадан 12 топқа бөлінеді. Бірінші тур 14 қыркүйекте, ал шешуші тур - 7 желтоқсанда болады. Әр топтан ең мықты екі команда турнирдің плей-офф кезеңіне өтеді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети