20 қараша 2020 09:33

Дзюбаны бопсалағандар 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Артем Дзюба. Фото: "Зенит" ФК Артем Дзюба. Фото: "Зенит" ФК

Петерборлық "Зенит" шабуылшысы Артем Дзюбаны бопсалады деп айыпталғандар 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы адвокат Артем Каракасиян "SILA Права" подкастында мәлімдеді, - деп хабарлайды Газета.ru.


Петерборлық "Зенит" шабуылшысы Артем Дзюбаны бопсалады деп айыпталғандар 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы адвокат Артем Каракасиян "SILA Права" подкастында мәлімдеді, - деп хабарлайды Газета.ru.

Оның айтуынша, 32 жастағы шабуылшыдан оның интим видеосын жарияламау үшін 5 миллион доллар талап еткен адамдардың іс-әрекетінде "бопсалау" деп аталатын қылмыстық құрамды табуға болады.

"Егер Дзюбаның ісін алсақ, онда қылмыскерлер жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Өйткені бұл жағдайда қылмысты ауырлататын бірнеше белгі бар: ірі көлемде бопсалау, ақпараттың өзі жәбірленушінің беделіне нұқсан келтіреді және Интернеттің көмегімен таратылды", - деді Каракасиян.

7 қарашада Желіде Дзюбаның интим видеосы тараған болатын. Көп ұзамай блогер Наталья Веретенникова бұл оқиға үшін жауапкершілікті өз мойнына алған, алайда шу көтерілгенде, әзілдегенін айтқан еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети