EURO-2020: Чехия футболшысы алаң ортасынан гол соқты

EURO-2020: Чехия футболшысы алаң ортасынан гол соқты Фото: twitter.com/EURO2020

Чехия құрамасы футболдан Еуропа чемпионаты топтық кезеңінің 1-турында Шотландияны жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Чехия құрамасы футболдан Еуропа чемпионаты топтық кезеңінің 1-турында Шотландияны жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ойын Глазгодағы "Хэмпден Парк" стадионында өтті. Шотландиялықтар өз алаңында чех футболшыларынан жауапсыз екі гол жіберді. 

Бірінші гол 42-минутта соғылды - Патрик Шик айып алаңына асырылған допты басымен қақпаға дәл бағыттады.

Реклама
Реклама

Ал екінші гол осы турнирдегі ең әдемі гол атағына таласа алады. 52-минутта чехтардың қарымта шабуылы кезінде Шик алаң ортасынан соққы жасады - қақпасынан алысқа шығып кеткен голкипер қайтып үлгермеді.


Фото: twitter.com/EURO2020

Шотландиялықтардың есеп айырмасын қысқартатын бірнеше мүмкіндігі болған, алайда чех қақпашысы Томаш Вацлик командасын голдан сақтап қалды. 2:0 - Чехия құрамасы турнирді жеңіспен бастады. 

D тобында кеше Англия құрамасы Хорватияны 1:0 есебімен жеңген. 1-турдан соң бұл квартетте Чехия көш бастап тұр, Англия - екінші орында. Әзірше Хорватия үшінші, Шотландия төртінші орында келеді. 

Енді бұл топтағы 2-тур ойындары 18 маусымда өтеді. Хорватия Чехиямен, Англия Шотландиямен күш сынасады.   

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама