13 маусым 2021 20:50

EURO-2020: Англия құрамасы турнирді жеңіспен бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© twitter.com/EURO2020 © twitter.com/EURO2020

Англия құрамасы футболдан Еуропа чемпионатының топтық кезеңінде әлемнің вице-чемпионы Хорватиядан басым түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Англия құрамасы футболдан Еуропа чемпионатының топтық кезеңінде әлемнің вице-чемпионы Хорватиядан басым түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Лондондағы "Уэмбли" стадионында өткен матчтің 6-минутында ағылшындар есеп ашуға жақын болды. Бірақ Фил Фоден тепкен доп қақпа бағанасына тиді. 

Бұл бірінші таймдағы ең қауіпті шабуыл болып, командалар үзіліске дейін есеп аша алмады.

Алаң иелері ойынның 57-минутында алға шықты - Калвин Филлипстің пасынан кейін Рахим Стерлинг көзге түсті.


© twitter.com/UEFAcom

Артынша екі команда да есепті өзгертуге тырысқанымен, таблодағы көрсеткіш өзгермеді. 1:0 - Англия құрамасы Еуропа чемпионатын жеңіспен бастады. 

Англия мен Хорватиядан бөлек D тобында Чехия мен Шотландия бар. Ертең Шотландия мен Чехия күш сынасады. Ал Англия құрамасы енді келесі матчін 18 маусымда Шотландияға қарсы өткізеді. Бұл күні Хорватия мен Чехия да кездеседі.   

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kaz.Tengrinews (@kaz.tengrinews)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети