24 маусым 2021 09:21

EURO-2020: Франция - Португалия матчінде үш пенальти соғылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: twitter.com/EURO2020 Фото: twitter.com/EURO2020

Футболдан Еуропа чемпионатының топтық кезеңі аяқталды. Кеше Е және F тобының ойындары өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Футболдан Еуропа чемпионатының топтық кезеңі аяқталды. Кеше Е және F тобының ойындары өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Швеция үшінші турда Польшамен кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті. Шабуылшы Эмиль Форсберг екінші минутта гол соғып, Швецияны алға шығарды. Ал 59-минутта Форсберг есепті еселеді. Бірақ Роберт Левандовски 61 және 84-минутта гол соғып, таразы басын теңестіріп тастады. Тек матч соңына қарай Виктор Клаэссон швециялықтарға жеңіс сыйлады. 

Қатар өткен матчте Испания Словакияны 5:0 есебімен тас-талқан етті. Испаниялықтар сапында Аймерик Лапорт, Пабло Сарабия мен Ферран Торрес гол соқты. Қалған екі допты Мартин Дубравка мен Юрай Куцка өз қақпасына салып алды. 


Фото: twitter.com/EURO2020

Е тобында Швеция бірінші, Испания екінші орын алып, плэй-офф кезеңіне шықты. Словакия мен Польша турнирмен қоштасты. 

Ал F тобында Португалия мен Франция кездесті. Бұл ойын 2:2 есебімен аяқталды. Португалиялықтар сапында Криштиану Роналду 31 және 60-минутта пенальтиден гол соқты. Ал француздар сапында Карим Бензема дубль жасады.  


Фото: twitter.com/EURO2020

F тобының екінші матчінде Германия Венгрияны жеңе алмады, бұл ойында да 2:2 есебі тіркелді. 

11-минутта Адам Салаи венгриялықтарды алға шығарды. Ал 66-минутта Кай Хаверц таразы басын теңестірген. Бірақ көп ұзамай Андрас Шафер гол соғып, Венгрия тағы да алға шықты. Тек матч соңына қарай Леон Горетцка есепті теңестіре алды.

Франция құрамасы топта бірінші орын алып, плэй-офф кезеңіне шықты. Германия келесі кезеңге екінші орынмен жолдама алды. Үшінші орын алған Португалия құрамасы да 1/8 финалда ойнайды.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети