Еуропа лигасында "Қайрат" клубы "Црвена звезда" командасын жеңді

09 Шілде 2015, 22:32
1
Еуропа лигасында "Қайрат" клубы "Црвена звезда" командасын жеңді - ©Қайрат ФК
©Қайрат ФК
Еуропа лигасында "Қайрат" клубы "Црвена звезда" командасын жеңді - ©Қайрат ФК
©Қайрат ФК
Еуропа лигасында "Қайрат" клубы "Црвена звезда" командасын жеңді - ©Қайрат ФК
©Қайрат ФК

Алматылық "Қайрат" футбол командасы Еуропа лигасының келесі кезеңіне өтті. Бейсенбі күні, 9 шілдеде Владимир Вайсстың шәкірттері турнирдің бірінші квалификациялық раундының жауап матчында Сербияның "Црвена Звезда" командасын жеңді. Алматыдағы Орталық стадионнан матч трансляциясын "Қайрат" футбол клубының YouTube желісіндегі ресми арнасы таратты.

Кездесу 2:1 есебімен аяқталды. Бірінші голды 29-шы минутта "Қайрат" капитаны Бауыржан Исламхан соқты. Жас шабуылдаушы айып алаңында қарсыласын алдап өтіп, допты қақпаға дарытты.

Екінші допты 47-ші минутта Исламбек Қуат Жерар Гоудың пасынан кейін соқты.

Екінші таймның соңында (84-ші минут) арбитр қазақстандық команданың қақпасына 11 метрлік айып добын белгіледі. "Црвена Звезда" жартылай қорғаушысы Вукан Савичевич гол соқты.

Айта кетейік, "Қайрат" құрамында Исламбек Қуат матчтың үздік ойыншысы атанса, серб командасынан Душан Анджелкович үздік шықты. 

Еске сала кетейік, Еуропа лигасының бірінші кездесуінде осы командалардың арасындағы кездесу 2 шілдеде Белградта өткен еді. Сол уақытта алматылық команда 2:0 есебімен жеңіске жеткен еді. Жерар Гоу мен Ермек Қуантаев көзге түсті. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай