25 маусым 2014 12:26

ФИФА Луис Суареске қарсы тәртіптік іс қозғады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Football.sport-express.ru ©Football.sport-express.ru

Халықаралық футбол қауымдастығы (ФИФА) Уругвай құрамасының шабуылшысы Луис Суареске қарсы тәртіптіс іс қозғалғанын жария етті, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Халықаралық футбол қауымдастығы (ФИФА) Уругвай құрамасының шабуылшысы Луис Суареске қарсы тәртіптіс іс қозғалғанын жария етті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұған Бразилияда өтіп жатқан әлем чемпионатындағы Италия және Уругвай кездесуінде Суарестің итальялық қорғаушы Джорджо Кьеллиниді тістеп алғаны себеп. Бірақ, бұл эпизод кездесудің бас төрешісі Марко Родригестің назарынан тыс қалды. 

ФИФА-ның хабарламасында Суарес пен Уругвай құрамасының басқа өкілдерінің өз ұстанымдарын 25 маусым күнгі Бразилия уақыты бойынша кешкі беске дейін қорғауға мүмкіндігі бар. ФИФА-ның заңдарына сәйкес, егер төтенше оқиға төрешінің хаттамасына тіркелмеген болса, эпизод бейнеқайталауды талдау негізінде анықталып, Суарес футболдан шеттетілуі мүмкін. 

Бұған дейін оның 24 матчқа немесе екі жылға шеттетілуі мүмкін екені хабарланған болатын. Айта кетейік, ӘЧ-2014 1/8 финалына жолдамаға таласқан Уругвай мен Италия матчының 80-минутында Суарес Кьеллинидің иығынан тістеп алды. Матчта Суарестің командасы 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Еске салайық, "Ливерпуль" командасының шабуылшысы былтыр "Челси" командасының қорғаушысы Бранислав Ивановичті тістеп, Англия футбол қауымдастығы оны 10 матчқа қатысу құқығынан айырған болатын. Әлем чемпионатының басқа да жаңалықтарын мына жерден оқи аласыздар.  

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети