25 қараша 2016 12:44

Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы қорғаушысы қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Виталий Артемов © vesti.kz Виталий Артемов © vesti.kz

Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы қорғаушысы Виталий Артемов созылмалы аурудың салдарынан 38 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Vesti.kz


Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы қорғаушысы Виталий Артемов созылмалы аурудың салдарынан 38 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Vesti.kz

Теміртау футбол мектебінің ойыншысы спорттағы мансабын туған жеріндегі "Болат" командасында бастаған, сосын "Қайрат-ЦСКА" клубында ойнаған. 2000 жылдардың басында Виталий Донецкінің "Шахтерімен" келісім жасасқан, бірақ команда үшін бір ғана ойын өткізген, "Житомир" (Полесье), "Винница" және "Звезда" клубтарында жалға ойнаған. 2003 жылы Артемов Хабаровскінің "СКА-Энергия" клубы үшін өнер көрсетті. 

Елге қайтып оралған қорғаушы "Қайрат" сапында ойнады. Осы құрамда жүрген кезінде "Қайрат" 2004 жылы Қазақстан чемпионы атанды. 2007 жылы Артемов "Астанаға" өтті, ал келесі маусымда "Шахтер" намысын қорғады. Сол кезде ол жарақат алып, бір жылға үзіліс алды.

2011 жылы ол өзінің туған жеріндегі "Болат" командасына қайтып, бір жарым жыл бойы команда капитаны болды. Алайда ол 2012 жылы жарақат алып, футболдан кететінін мәлімдеген еді. 

Қазақстан құрамасы үшін ол бес ойын өткізді, жастар құрамасы үшін өнер көрсетті. Сол құрамада жүріп Нигерияда 1999 жылы өткен чемпионатқа қатысты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети