19 қаңтар 2019 14:15

Футболдан Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Михал Билек. idnes.cz сайтынан алынған сурет Михал Билек. idnes.cz сайтынан алынған сурет

Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері болып 53 жастағы чех маманы Михал Билек тағайындалды, - деп хабарлайды Vesti.kz Қазақстан Футбол Федерациясының сайтына сілтеме жасап.


Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері болып 53 жастағы чех маманы Михал Билек тағайындалды, - деп хабарлайды Vesti.kz Қазақстан Футбол Федерациясының сайтына сілтеме жасап.

"Михал Билектің жаттықтырушылар штабына енгендер: көмекшілері - словакиялық Михал Хипп және Талғат Байсуфинов, қақпашылардың жаттықтырушысы - Николай Родионов.", - делінген федерацияның сайтында.

Михал Билек 1965 жылы 13 сәуірде дүниеге келген. Футболшы кезінде Чехословакия және Чехия құрамаларының жартылай қорғаушысы болған. Жаттықтырушы қызметін чехиялық "Теплице" клубында бастады. Сонымен қатар, "Картахинес" (Коста-Рика),"Хмел", "Виктория Плзень", "Спарта Прага", "Высочина" (барлығы - Чехия), "Ружомберок" ("Словакия"), "Динамо Тбилиси" (Грузия) футбол клубтарын жаттықтырды. Соңғы жұмыс орны - чехиялық "Фастав Злин" командасы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети