03 қазан 2021 13:45

Футзалдан Қазақстан мен Бразилия матчін қайда және қашан көруге болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін, 3 қазанда футзалдан Қазақстан мен Бразилия құрамасы Литвада өтіп жатқан әлем чемпионатының үшінші орнына таласады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 


Бүгін, 3 қазанда футзалдан Қазақстан мен Бразилия құрамасы Литвада өтіп жатқан әлем чемпионатының үшінші орнына таласады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қазақстан мен Бразилия арасындағы ойынды елорда уақытымен 21:00-де Қазақстан ұлттық телеарнасының тікелей эфирінен және арнаның ресми сайтынан тамашалай аласыздар.

Бразилия командасы топтық кезеңде Вьетнам, Чехия, Панама футзалшыларын оңай ұтса, 1/8 финалда Жапониядан 4:2 есебімен басым түсті. Сонымен қатар, 1/4 финалда Мароккомен кездесіп, 1:0 нәтижесін тіркеді. Тек жартылай финалда Оңтүстік Америка құрлығындағы тұрақты қарсыласы Аргентинаға есе жіберді.

Ал Кака шәкірттері өз тобында Литва және Коста-Рика құрамаларын ірі есеппен ұтып, Венесуэламен тең түсті. Турнирдің 1/8 финалында Таиланд командасына жауапсыз жеті гол соқса, ширек финалда Иран ойыншыларын үйіне қайтарды. Өкінішке қарай, финалға берілетін маңызды матчте Португалия құрамасына пенальти сериясында есе жіберді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети