02 қазан 2022 09:12

Индонезияда футбол матчінен кейін 127 адам қаза болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

1 қазанда Маланг қаласындағы "Канджурухан" стадионында футбол матчінен кейін қайғылы оқиға болды, - деп хабарлайды Suryamalang


1 қазанда Маланг қаласындағы "Канджурухан" стадионында футбол матчінен кейін қайғылы оқиға болды, - деп хабарлайды Suryamalang

Сенбіде Индонезия чемпионатының матчінде "Арема" және "Парсебайя" командалары кездескен болатын. Ойын екінші команданың пайдасына 3:2 есебімен аяқталған болатын. 

Финалдық ысқырықтан кейін "Ареманың" жанкүйерлері ашуланып, футбол алаңына қарай жүгірген. Тәртіп сақшылары көзден жас ағызатын газ шаша бастаған. 

Адамдар, оның ішінде трибунада отырғандары да қорқып, стадионнан кетпек болған. Салдарынан адамдар сығылысып қалған. Қайғылы оқиға салдарынан 127 адам қаза болған, оның ішінде әйелдер мен балалар да бар. 180-ге жуық адам ауруханаға жеткізілді.  

Лига басшылығы алдағы аптадағы бірнеше матч кейінге қалдырылғанын мәлімдеді. Сондай-ақ қайғылы оқиғаға байланысты тергеу жүргізіледі. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети