29 қараша 2021 | 08:44

Италияда Марадона ескерткіші ашылды

© REUTERS

Италияның "Наполи" футбол клубының басшылығы Аргентина құрамасы сапында 1986 жылғы әлем чемпионы, аты аңызға айналған футболшы Диего Марадона ескерткішінің салтанатты ашылу рәсімін өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Италияның "Наполи" футбол клубының басшылығы Аргентина құрамасы сапында 1986 жылғы әлем чемпионы, аты аңызға айналған футболшы Диего Марадона ескерткішінің салтанатты ашылу рәсімін өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Италияның Неаполь қаласында өткен салтанатқа ФИФА президенті Джанни Инфантино және 2006 жылғы әлем чемпионы - Италия құрамасының ойыншысы Фабио Каннаваро, сондай-ақ 40 мыңнан астам көрермен қатысты. Ескерткіштің суретін неапольдық клубтың ресми Twitter-дегі парақшасында жариялады.

Реклама
Реклама

Perlid басылымының журналистері аргентиналықтың мүсінінің авторы мүсінші Доменико Сепе екенін атап өтті. Өмірдегі өлшемді ескерткіші футболшы былтыр қайтыс болғаннан кейін көп ұзамай оның құрметіне аталған қалалық стадионның алдында орнатылды. Бірақ уақытша. Жақын арада қала билігі мүсін қайда ауыстырылатынын шешеді, деп атап өтті Perlid басылымы.

Марадона 2020 жылдың 25 қарашасында қайтыс болды, ол 60 жаста еді. Футболшы өлімінің себебі - инфаркт. Спортшының үйіне тоғыз жедел жәрдем көлігі келді, бірақ дәрігерлер оны құтқара алмады.

Клубтық деңгейде Марадона "Бока", "Барселона", "Севилья" және "Наполи" командаларында өнер көрсетіп, Италиялық команданың сапында екі дүркін ел чемпионы атанып, УЕФА Кубогін жеңіп алды.

Бұған дейін Месси Марадонаның өлімі туралы пікір білдірген болатын.

Желіде Диего Марадона қайтыс болғанға дейін түсірілген видео пайда болды

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная