28 қараша 2020 10:57

Желіде Диего Марадона қайтыс болғанға дейін түсірілген видео пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© El Horizonte © El Horizonte

Испаниялық AS басылымы YouTube-тегі арнасында аргентиналық футболшы Диего Марадона қайтыс болғанға дейін түсірілген видеоны жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Испаниялық AS басылымы YouTube-тегі арнасында аргентиналық футболшы Диего Марадона қайтыс болғанға дейін түсірілген видеоны жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жалғасы

Видеоны атақты футболшының көршісі түсірген. Кадрларда Марадонаның екі ер адамды ұстап баяу, ақсаңқырап жүріп бара жатқанын көруге болады. 

Әйелдің баласы Марадонаны көріп: "Сәлем, Диего!", деп айқайлайды. Ал Марадона бұрылып, оған қол бұлғайды. Осыдан кейін бала анасына "Марадонаның өзі менімен амандасты" дейді.

Еске салайық, Диего Марадона 25 қарашада 60 жасында жүрек талмасынан қайтыс болды. Аргентинада үш күндік жалпыұлттық аза тұту жарияланды. ХХ ғасырдың ең үздік футболшыларының бірі Буэнос-Айрестің маңында ата-анасының қасында "Хардин Белла-Вистада" жерленді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети