26 қараша 2021 12:25

Месси Марадонаның өлімі туралы пікір білдірді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Француздың "Пари Сен-Жермен" клубының шабуылшысы Лионель Месси Аргентина, "Барселона" және "Наполи" клубтарының аты аңызға айналған футболшысы Диего Марадонаның қайтыс болғанына бір жыл толуына орай еске алу жазбасын арнады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Marca басылымына сілтеме жасап.

Жалғасы

Месси Диего Марадонаны еске алып, эмоциясымен бөлісті.

"Бір жыл өтті. Аргентина біраз жылдардан кейін қайтадан [Копа Америка] чемпион атанды. Мен оның теледидарда сұхбат беріп жатқанын, өз пікірін білдіріп жатқанын қайта көретіндей боламын", - деді Месси.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Leo Messi (@leomessi)

"Оның өмірден өткеніне көп уақыт өтті, бірақ дәл кеше болған сияқты. Мен онымен бірге өткен сәттерімді ең ыстық естелік ретінде есімде сақтаймын", - деп түйіндеді футболшы.

Марадона 2020 жылы 25 қарашада 60 жасында дүниеден өтті. Футболшының өліміне жүрек талмасы себеп болғаны айтылды. Спортшының үйіне тоғыз жедел жәрдем келгенімен, дәрігерлердің күші жетпеген.

Марадона "Бока", "Барселона", "Севилья" және "Наполи" клубтарында ойнады, италиялық команданың құрамында елдің екі дүркін чемпионы болды, УЕФА кубогын жеңіп алды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети