20 қазан 2016 14:58

Жаңартылған ФИФА рейтингінде Гаити мен Кюрасао құрамалары Қазақстанды басып озды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) әлемдегі мықты құрамалардың жаңартылған рейтингін жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) әлемдегі мықты құрамалардың жаңартылған рейтингін жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Футболдан Қазақстан құрамасы рейтингте жеті орынға түсіп, 90-орынға тұрақтады. Қазақстандық футболшылар 386 ұпаймен осы орында тұр. Алдыңғы рейтингте футболдан Қазақстан құрамасы өз рекордын жаңартқан болатын. Онда қазақстандық құрамада 411 ұпай болған еді. Мұндай нәтижеге әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Польша құрамасымен кездесіп тең аяқталған жәйт себеп болған.  Бұл көрсеткіш Қазақстан құрамасына 13 орынға жоғарылауға септігін тигізген. 

Сондай-ақ, ФИФА-ның қазан айындағы жаңартылған рейтингінде Черногория құрамасы 49-орыннан 56-орынға түсіп кеткен. Ал Кюрасао, Әзірбайжан және Фарер аралдары рейтингтің соңғы орындарына тұрақтаған. Гаити құрамасы болса, алты орынға жоғарылаған. Айта кетейік, жоғарыда көрсетілген командалардың барлығы Қазақстан құрамасын басып озды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети