Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Жанкүйерлер "Астананың" "Галатасараймен" ойындағы үздік ойыншысын анықтады

04 Қазан 2015, 13:26
0
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Жартылай қорғаушы Рохер Каньяс жанкүйерлердің нұсқасы бойынша "Астананың" Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде "Галатасараймен" өткізген ойынындағы үздік ойыншысы болып танылды. Дауыс беру Vesti.kz спорт порталында өткізілді.

Каньяс бұл ойында даулы гол соққан болатын - бастапқыда гол түріктің ойыншысының атына жазылған еді, алайда кейін ол "Астана" футболшысының атына жазылды. Дауыс берудің қорытындысы бойынша, Каньяс 57 пайыз дауыс жинады.

Екінші орын шабуылшы Жуниор Кабанангаға бұйырды, оның тепкен добынан кейін қарсыластар командасының ойыншысына тиіп, гол соғылған еді. Оған 18 пайыз дауыс берілді. Ал үштікті 14 пайыз дауыспен "Астана" клубының қорғаушысы Дмитрий Шомко қорытындылады.  

Еске салайық, "Астана" командасы Чемпиондар лигасының екінші турында түріктің "Галатасарай" клубымен тең ойнаған еді. Есеп 2:2. Осылайша "Астана" клубы жарты миллион еуро ұтып аллы. Қазіргі уақытта елордалық клубтың еурокубок маусымында тапқан табысы - 13 миллион 200 мың евро.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай