12 тамыз 2018 18:10

Жапониялық 32 жастағы футболшы Камбоджа ұлттық құрамасының бас бапкері болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кейсуке Хонда. © Reuters Кейсуке Хонда. © Reuters

Футболдан Жапония құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Кейсуке Хонда Камбоджа құрамасының бас бапкері әрі бас менеджері қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Азия футбол конференциясының (AFC) ресми сайтында жарияланды.


Футболдан Жапония құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Кейсуке Хонда Камбоджа құрамасының бас бапкері әрі бас менеджері қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Азия футбол конференциясының (AFC) ресми сайтында жарияланды.

Биыл жазда 32 жастағы Хонда австралиялық "Мельбурн Виктори" клубымен бір маусымға келісімшартқа отырды. Осыған дейін, ол мексикалық "Пачуку", италиялық "Милан", ресейлік ЦСКА және голландиялық "Венло" клубтары үшін өнер көрсетті. 

Әзірге Хонда футболшы ретінде мансабын аяқтар емес. "Мельбурн Виктори" клубының намысын қорғап, бапкерлік пен менеджерлік жұмысты қатар алып жүреді. Жапониялық апта сайын видеотрансляция арқылы консультация беріп отырады.  

Жапония құрамасымен Хонда үш рет әлем біріншілігіне қатысып, 2011 жылы Азия Кубогын жеңіп алған еді. Ұлттық құрама үшін 97 ойын өткізіп, 37 голс салған. Ол 2018 жылы өткен әлем біріншілігінен соң ұлттық құрамадан кететіні жайлы мәлімдеді. 

Хонда үш әлем біріншілігінде гол салған әрі нәтижелі пас шығарған жалғыз футболшы. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети