25 шілде 2014 01:51

"Қайрат" Еурокубоктан тыс қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото uefa.com сайтынан Фото uefa.com сайтынан

Футболдан Алматының "Қайраты" түзде Данияның "Эсбьерг" клубынан ұтылып қалып, Еуропа лигасынан тыс қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Футболдан Алматының "Қайраты" түзде Данияның "Эсбьерг" клубынан ұтылып қалып, Еуропа лигасынан тыс қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Еуропа лигасының екінші електік сатысындағы қарымта матчын Данияда өткізген "Қайрат" түзде 0:1 есебімен ұтылып қалып, Қазақстан жанкүйерлерін жасытты.

"Эсбьергтен" аса алмай, еңсесі түсті. Өз алаңында 1:1 есебімен тең түскен Алматы клубы Данияда есе жібермеуге тырысатындықтарын меңзеген еді. Бірақ "Эсбьергке" шамасы жетпей, естері кетті.

Бұл ойындағы жалғыз гол бірінші таймда соғылды. Орталық қорғаушыларымыз қателесіп, алаң иелері бұл мүмкіндікті мүлт жіберген жоқ.

Осыдан кейін, іле-шала десек те болар, "Қайраттің" есепті теңестірер мүмкіндігі болған. Бірақ Исаэл тепкен доп қақпа маңдайшасынан қайтты...

Екінші таймда "Қайраттың" есепті теңестіргеннен гөрі, "Эсбьергтің" есепті еселей түсетін мүмкіндіктері көбірек болды. Бірақ қақпашы Хомич қас шеберлік танытып, алаң иелерінің бір-екі шабуылын тойтарып, қауіпті соққыларын дарытқан жоқ.

Ал уақыт өткен сайын "Қайрат" ойыншыларының жеңіске деген сенімділіктері семи берді. Сөйтіп екі ойынның қорытындысы бойынша "Эсбьерг" Еуропа лигасының үшінші електік сатысына шығып, "Қайрат" сан соғып қалды. Алматы клубының сегіз жылдан кейінгі Еурожорығы осымен тамадалды.

"Эсбьерг" (Дания) – "Қайрат" (Алматы, Қазақстан) – 1:0

Гол: Анкерсен 38 (1:0)
Ескерту: Плиев, 3 – Й.Андерсен, 80.

"Эсбьерг": Дубравка, Якобсен, Эдди Гомеш, Лаурсен, Бергвольд (Бринх, 67), Леквен, Й.Андерсен, Я.Андерсен, Фелла, Нильсен (Расмуссен, 72), Пушич (Люнг, 62).

"Қайрат": Хомич, Плиев, Кислицын, Михалик, Смақов, Қуантаев (Риера, 78), Бакаев, Исламхан, Байтана (Кнежевич, 32), Гоу, Исаэл (Лунин, 86).

Бас төреші: Деннис Антамо (Финляндия)

Бірінші ойын – 1:1

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети