26 тамыз 2021 22:49

"Қайрат" тарихында алғаш рет еурокубоктың топтық кезеңіне шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: "Қайрат" ФК Фото: "Қайрат" ФК

Алматылық "Қайрат" футбол клубы Конференция лигасы плей-офф кезеңінің қарымта матчінде Люксембургтің "Фола" командасын жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматылық "Қайрат" футбол клубы Конференция лигасы плей-офф кезеңінің қарымта матчінде Люксембургтің "Фола" командасын жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда өткен кездесуде алаң иелері 3:1 есебімен басым түсті. 

Жеңімпаздар сапында Артур Шушеначев дубль жасады (12 және 36-минутта), Вагнер Лав (28-минутта) бір гол соқты. Люксембург клубы Мирза Мустафичтің (43-минутта) бір голымен жауап қатты.

Люксембургте өткен алғашқы ойында алматылық клуб 4:1 есебімен жеңген. Осылайша, екі ойын қорытындысы бойынша 7:2 есебімен басым түскен "Қайрат" тарихында алғаш рет еурокубоктың топтық кезеңінде ойнайды. 

Таяуда команданың бас бапкері болып Құрбан Бердыев тағайындалған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети