Қазақстан Евро-2016 іріктеуінің қорытынды матчында Латвияны жеңді

14 Қазан 2015, 07:09
0
Қазақстан Евро-2016 іріктеуінің қорытынды матчында Латвияны жеңді - © UEAF.com
© UEAF.com

Футболдан Қазақстан құрамасы Евро-2016 іріктеуінің қорытынды матчында Латвияның ұлттық құрамасын жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ригада өткен кездесу 1:0 есебімен аяқталды. Бірінші таймда Қазақстан мен Латвияның командалары гол соға алмады. Алайда Юрий Красножанның шәкірттері қауіптірек көрінді, олар екі қауіпті сәт жасады. 

Екінші таймға командалар ойыншы ауыстырмай шықты. Қазақстан құрамасы 65-ші минутта есеп ашты. Қорғаушылардан қашқан Исламбек Қуат құлап бара жатып, Латвияның қақпасына допты бағыттап үлгерді. Бұл оның ұлттық құрамада соққан екінші голы. Біріншісінде ол Астанада Голландия қақпасына гол соққан еді. Бұдан кейін де Қазақстан құрамасы есепті еселей алар еді, бірақ шабуылды аяқтауда дәлдік жетіспеді. Матч туралы толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Осылайша, Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңіндегі соңғы матчта жалғыз жеңісіне қол жеткізді. Юрий Красножанның шәкірттері Латвиямен және Исландиямен тең ойнаған еді. Екі матч та 0:0 есебімен аяқталды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай