14 тамыз 2014 16:27

Қазақстан ФИФА рейтингінде төрт саты төмен сырғыды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы. ©Vesti.kz Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы. ©Vesti.kz

Футболдан Қазақстан құрамасы ФИФА-ның жаңартылған рейтингінде тағы төрт саты төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Халықаралық футбол қауымдастығының (ФИФА) ресми сайтына сілтеме жасап. 


Футболдан Қазақстан құрамасы ФИФА-ның жаңартылған рейтингінде тағы төрт саты төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Халықаралық футбол қауымдастығының (ФИФА) ресми сайтына сілтеме жасап. 

Шілде айына жасалған жаңа тізім бойынша Қазақстан ұлттық құрамасы төрт саты төмендеп, 131-ші орынға табан тіреді. Еске салайық, өткен шілде айының қорытындысы бойынша Юрий Красножан баптайтын Қазақстан құрамасы 127-орында болатын.

Жаңартылған тізімнің көшбасшылар қатарында өзгеріс жоқ.  Көш басын әлем чемпионы атанған Германия құрамасы иеленіп тұрса, екінші орында Аргентина құрамасы келеді. Үздік үштікті Нидерланды құрамасы қорытындылап тұр. Бразилиямен ұпай теңескен Испания құрамасы  жетінші орынға көтерілді.

Жаңа жасалған рейтингте ең нашар нәтижені Панама құрамасы көрсетіп отыр. Олар бірден 30 саты төмендеп, 63-ші орынға тұрақтаған. Бұл рейтингтің үздік көрсеткішін Лесото құрамасы еншіледі. Олар бірден 26 саты жоғарылап, 105-ші орынға табан тіреген. 

Ал ТМД елдері ішінде Қазақстан Литва (103), Латвия (100) Тәжікстан (120 орын) құрамасынан төмен тұрса, Түркіменстан (137) және Қырғызстан (144) футболшыларынан жоғары тұр.

1 (1). Германия - 1736 ұпай,
2 (2). Аргентина - 1604,
3 (3). Нидерланды - 1507,
4 (4). Колумбия - 1495,
5 (5). Бельгия - 1407,
6 (6). Уругвай - 1316,
7 (7). Бразилия - 1241,
7 (8). Испания - 1241,
9 (9). Швейцария - 1218,
10 (10). Франция - 1212,

100 (103). Латвия — 324
103 (104). Литва — 306
120 (124). Тажікстан — 252
131 (127). Қазақстан — 213
137 (140). Түркіменстан — 197
144 (144). Қырғыстан — 176.

Айта кетейік, 12 тамызда Қазақстан құрамасы Тәжікстан құрамасымен жолдастық кездесу өткізді. Алматының Орталық стадионында өткен кездесу Юрий Красножан командасының пайдасына шешілген 2:1 есебімен аяқталды. 36-минутта есепті Бауыржан Исламхан ашты. Екінші таймда Фарход Тохиров 57-минутта гол соғып есепті теңестірген. Бірақ алты минуттан соң Ұлан Қонысбаев Қазақстан құрамасын жеңісті голын соқты. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети