Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы қызметінен кететінін мәлімдеді - дереккөз

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы қызметінен кететінін мәлімдеді - дереккөз ©КФФ. Азамат Айтхожин

Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) бас хатшысы Азамат Айтхожин желтоқсанда қызметінен кетуі мүмкін. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) бас хатшысы Азамат Айтхожин желтоқсанда қызметінен кетуі мүмкін. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Сайт мәліметінше, Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы жолдастық матчтан кейін Азамат Айтхожин мен ҚР вице-премьері Ералы Тоғжанов ұлттық құраманың киім ауыстыратын бөлмесіне кірген. Тоғжановтың ойыншылар бөлмесіне не себепті кіргені белгісіз, алайда ҚФФ бас хатшысы Азамат Айтхожин футболшыларға кездесуден кейін алғысын білдіріп, қызметінен кететінін айтқан.

Дереккөздің айтуынша, оның отставкаға кетуі ҚФФ президенті Әділбек Жақсыбековпен әлі келісілген жоқ, ол көмекшісінің кетуіне әзірше рұқсат бермеген.

Бірақ Айтхожиннің орнына "Қазақмыс" басшысының бұрынғы орынбасары – Әділет Барменқұлов келуі мүмкін деген ақпарат шықты. Ол кейінгі жарты жылда федерацияның атқарушы комитетінің мүшесі болды. Сонымен қатар, қарағандылық "Шахтердің" директорлар кеңесінің басшысы қызметін атқарады.  

Айта кетейік, Қазақстан жолдастық кездесуде Тәжікстанды 1:0 есебімен жеңіп, оған дейін 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Франциядан ойсырай жеңіліп қалды (0:8). Талғат Байсуфиновтің ойыншылары іріктеуді D тобындағы соңғы орынға тұрақтап, аяқтады.

Кейін Қазақстан футбол федерациясы мемлекет қаржыландыруынан бас тарту туралы шешім қабылдағаны белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети