19 қараша 2021 12:21

ҚФФ Азамат Айтхожин қызметінен кететіні туралы ақпаратты жоққа шығарды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Азамат Айтхожин. Фото:kff.kz Азамат Айтхожин. Фото:kff.kz

Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) бас хатшы Азамат Айтхожин желтоқсанда қызметінен кетуі мүмкін деген ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) бас хатшы Азамат Айтхожин желтоқсанда қызметінен кетуі мүмкін деген ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кейбір ақпарат көздері ҚФФ бас хатшысы Азамат Айтхожин қызметінен кететіні туралы ақпарат таратты. Қазақстан футбол федерациясы бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Азамат Серікұлы жұмысын әдеттегідей жалғастырады", - делінген ҚФФ хабарламасында.

Сондай-ақ, ҚФФ баспасөз қызметі тек ресми дереккөздерге сенуге және федерация сайтындағы, әлеуметтік желілердегі ресми парақшада жарияланған ақпаратты бақылауға шақырады.

Бұған дейін БАҚ-та Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) бас хатшысы Азамат Айтхожин желтоқсанда қызметінен кетуі мүмкін екені хабарланған болатын.

Айта кетейік, Қазақстан жолдастық кездесуде Тәжікстанды 1:0 есебімен жеңіп, оған дейін 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Франциядан ойсырай жеңіліп қалды (0:8). Талғат Байсуфиновтің ойыншылары іріктеуді D тобындағы соңғы орынға тұрақтап, аяқтады.

Кейін Қазақстан футбол федерациясы мемлекет қаржыландыруынан бас тарту туралы шешім қабылдағаны белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети