24 қазан 2017 12:59

Қазақстан құрамасы Аргентинамен жолдастық кездесу өткізбейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© commons.wikimedia.org © commons.wikimedia.org

Кеше Қазақстан футбол федерациясының спорттық директоры Игорь Утробин Қазақстан құрамасы қараша айында Лионель Месси бастаған Аргентина құрамасымен кездесуі мүмкін екенін айтқан болатын. Бірақ, Қазақстан және Аргентина аяқдопшылары арасындағы кездесу өтпейтін болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Утробиннің айтуынша, ҚФФ бұл кездесуге жұмсалатын шығынның 40 пайызын өздері, ал қалған шығынды көтеретін демеушілер іздестіріп жатқанын айтқан еді. Сонымен қатар, ол екі тарап келісімге келсе, кездесу Қазақстанда өтетінін де айтқан.

Бірақ кездесу өтпейді. Өйткені, Аргентина құрамасы қараша айында жолдастық кездесу өткізетін қарсыластарды анықтап қойды. Нақтырақ айтсақ, 11 қараша күні Аргентина Ресей құрамасымен кездесу өткізсе, 14 қарашада Нигерия құрамасымен кездесетін болды. Бұл ақпаратты Аргентина футбол федерациясының ресми сайты хабарлап отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети