07 сәуір 2019 13:29

Қазақстан құрамасының футболшысы өз клубына Нидерланды біріншілігінде жеңіске жетуге көмектесті

Сурет "Хераклес" футбол клубынан

Қазақстан құрамасының футболшысы өз клубына Нидерланды біріншілігінде жеңіске жетуге көмектесті. Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Александр Меркель "Хераклес" командасы үшін өнер көрсетеді және Нидерланды біріншілігінің 29-айналымында өз алаңында "НАК Бреда" клубын жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ойында тек бір гол салынды, "Хераклес" сапында өнер көрсететін Кристофер Петерсон 81-ші минутта қарсыластар қақпасынан саңылау тауып, өз командасына жеңіс сыйлады. Меркель негізгі құрамда 90 минут бойы өнер көрсетті. 

Реклама
Реклама

Осы жеңістің арқасында "Хераклес" 45 ұпай жинап, жетінші орыннан алтыншыға көтерілді. 21 ұпай жинаған "НАК Бреда" тізім соңында (18-орын) тұр. 

Айта кетейік, Меркель нидерландтық команда сапында былтыр жаздан бері өнер көрсетіп келеді. Бұрындары ол австриялық "Адмира Ваккер", немістің "Бохум", италиялық "Удинезе", "Дженоа" және "Милан", ұлыбританиялық "Уотфорд" және швейцариялық "Грассхопперс" сапында өнер көрсетті. 

Қазақстандық футболшы осы маусымда 27 ойынға қатысып, екі рет нәтижелі пас шығарды және алты ескерту алды. 

Уалихан Қосанбай

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram