31 қаңтар 2022 11:25

Қазақстан-Украина: Еуро-2022 1/4 финалын қайдан тамашалауға болады?

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

31 қаңтардан 1 ақпанға қараған түні футзалдан Қазақстан құрамасы Еуро-2022 1/4 финалында Украинаға қарсы ойнайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасай отырып.


31 қаңтардан 1 ақпанға қараған түні футзалдан Қазақстан құрамасы Еуро-2022 1/4 финалында Украинаға қарсы ойнайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Кездесу Амстердамда (Нидерланды) өтеді. Нұр-Сұлтан уақытымен 01.00-де басталады. Ойынды Qazsport арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Тікелей эфирді телеарнаның ресми сайтынан көруге болады.

Ойынға Италияға қарсы топтық кезеңнің кейінгі ойынында шеттетілген Эдсон мен Тайнан қатыспайды. Сонымен қатар, жарақат алған Азат Валиуллин құрамаға көмектеспейді.

"Тайнан мен Эдсонсыз ширек финалда ойнау - үлкен шығын. Жағдайға бейімделуіміз керек, бірақ ең жақсы ойын көрсететінімізге сенімдімін", - деді Игита.

Украина құрамасының бас бапкері Александр Косенко да Қазақстан құрамасына қарсы алдағы матч туралы айтты.

"Қазақстан құрамасы туралы жаңа нәрсе айту қиын. Ол - әрқашан ірі турнирлердің шешуші кезеңдеріне қатысатын әлемдік деңгейдегі команда", - деді Косенко.

Қазақстан құрамасы В тобында бірінші орыннан құрлықтық турнирдің плей-офф кезеңіне шықты. Қазақстандықтар Словениямен тең ойнады (4:4), екінші кезеңде Финляндияны жеңді (6:2) және Италияны 4:1 есебімен жеңді.

Украина А тобында екінші орын алды. Қазақстан құрамасының жақында өтетін ойындағы қарсыласы Нидерландыдан (2:3) жеңіліп, Сербияны (6:1) жеңді және Португалия командасынан 0:1 есебімен ұтылды.

Жеңіске жеткен жағдайда Кака командасы жартылай финалда Ресей - Грузия жұбының жеңімпазымен ойнайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети