13 маусым 2022 07:38

Қазақстанның бас бапкері Словакиямен матчке қатыса алмайтын футболшыларды атады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев бүгін Ұлттар лигасы аясында өтетін Словакияға қарсы кездесуге қатыса алмайтын футболшылар туралы айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.


Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев бүгін Ұлттар лигасы аясында өтетін Словакияға қарсы кездесуге қатыса алмайтын футболшылар туралы айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Өкінішке қарай, Исламбек Қуат командамызға көмектесе алмайды. Ол Беларусь құрамасына қарсы кездесуде екінші сары қағазын алды. Сондықтан кездесуде Қуаттың орнына Асхат Тағыберген шығуы мүмкін. Бүгін ол командамен жаттығады. Нақты шешім әлі қабылданбады", - деді Адиев. 

Айта кетейік, "С" тобындағы Қазақстан мен Словакия арасындағы кездесу бүгін, 13 маусымда "Астана-Арена" стадионында өтеді. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-де басталады. Кездесуді QazSport арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети