Қазақстан футбол федерациясының баспасөз хатшысы Ербол Қайыров "Астана" командасының шотландиялық "Селтикті" қарымта матчтағы жеңісінен кейін қазақстандық файтер Қуат "Найман" Хамитовке қарата твит жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі.

"Үніңді өшір, Хамитов! Қазақстанда футбол болады!", - деп жазыпты ҚФФ-ның баспасөз хатшысы.
"Астана" Глазгода "Селтиктен" 5:0 есебімен жеңілгеннен кейін, қарымта мачта 4:3 есебімен жеңіске жетті. Енді қазақстандық клуб Еуропа Лигасының топтық кезеңінде ойын көрсетеді.
Еске салайық, Қуат Хамитов "Астананың" шотландиялық командадан алғашқы кездесуіндегі жеңілісінен кейін Қазақстанда футболға тыйым салуды ұсынды. Кейін Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында футболшыларымыздың орнында болса, спорттан кетіп қалатындығын айтқан. Ал тағы біраз уақыттан кейін инстаграмдағы парақшасына: "Жылына миллиард доллар бөлсе де, біздікілер ешқашан Әлем чемпионатында ойнай алмайды", - деп жазған.
[removed][removed]Молчи, Хамитов! Футболу в Казахстане - быть! pic.twitter.com/MhR9aMSo8u
— Ербол Каиров (@kairov_erbol) 22 августа 2017 г.