16 қазан 2021 11:02

"Қой, сиыр жайылып жүретін". Қазақстандық футболшыға қатысты қызық деректер жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ЦСКА © ЦСКА

Мәскеулік ЦСКА футбол клубы Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдиновтің өміріндегі қызық деректерді жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 


Мәскеулік ЦСКА футбол клубы Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдиновтің өміріндегі қызық деректерді жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ресей премьер-лигасының маусымында қазақстандық футболшы бірнеше рет мәскеулік клубтың негізгі құрамында алға шығып, гол салған. 

ЦСКА қазақстандық футболшы туралы мынадай қызық деректер жазды: 

"Зайнутдинов - өз құрамасының бас жұлдыздарының бірі. Қазақстан үшін ойнаған 20 матчте 8 гол соққан. Абсолют рекордқа дейін 6 гол ғана қалды.

РПЛ-ге өту үшін, Бахтиер "Астанадан" келісімшартын сатып алған.

Бахтиер туып-өскен Тараздағы алғашқы жаттығу алаңында қой, сиыр жайылып жүретін", - делінген жазбада.

Айта кетейік, РПЛ-дің он турының қорытындысы бойынша, ЦСКА "Локомотив" және "Краснодармен" бірдей 17 ұпай жинады, командалар төрттен алтыға дейінгі орында. Турнир кестесінде 23 балмен "Зенит" көш бастап келеді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети