Криштиану Роналду алаңға бірге шыққан сириялық баланың әкесі лаңкес болып шықты

24 Қыркүйек 2015, 08:24
0
Криштиану Роналду алаңға бірге шыққан сириялық баланың әкесі лаңкес болып шықты - © Vesti.ru
© Vesti.ru

Венгр тілшісінің қолында баласы бар ер адамды шалып құлатқаны бейнеленген видео әлемді дүрліктірген болатын. Босқын лаңкес болып шықты, - деп хабарлайды Вести.Ru.

Сириялық босқын туралы оның отанындағылар да естіген. Сириялық күрдтер партиясының өкілдері Мохсеннің радикал исламшыларының қатарында соғысқанын айтып берді. Олар сөздеріне дәлел ретінде порталдарына сириялықтың Facebook желісіндегі өшірілген аккаунтындағы суреттерін көрсетіп отыр, ол әлеуметтік желідегі парақшасында "Фронта ан-Нусра" (Әл-Каиданың сириялық филиалы) радикал ұйымының мүшесі екенін мойындаған.

Сириялық күрдтер босқында 2004 жылы Эл Камышлы қаласында болған көтеріліске қарсы шықты деп айыпталып отыр. Сол уақытта 50 адам қаза тапқан болатын. Бұл мәліметті ресейлік күрд қауымы да растап отыр екен.

Еске салайық, осыған дейін Венгриядағы Петро Лазло есімді оператор әйелдің полициядан баласын көтеріп қашқан ер адамды шалып қалғаны бейнеленген кадр бүкіл әлемнің жағасын ұстатқан еді. Кейін Заид есімді баланың әкесінің Сириядан келген босқын екендігі анықталды. Әкесі Осама Абдул Мохсен Испанияға көшіп келуді ұйғарыпты. Ол Хетафе мектебінде футбол жаттықтырушысы болып жұмысқа тұрған. Бұдан кейін әйгілі футболшы Криштиану Роналду оның баласымен бірге алаңға шығып, бір күн бойы оған назарын бөлген еді. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай