Роналду алаңға сириялық баламен бірге шықты

20 Қыркүйек 2015, 19:45
0
Роналду алаңға сириялық баламен бірге шықты - © ntv.ru
© ntv.ru

Мадрид қаласының "Реал" клубының шабуылшысы Криштиану Роналду "Гранадаға" қарсы матчқа венгр журналисі Петра Лазло шалып құлатқан сириялық ер адамның баласымен бірге шықты, - деп хабарлайды Lifenews

Заид есімді баланың "Реал" жұлдызының жанкүйері екені белгілі болды. Бұл баланың әкесінің басынан өткен оқиғаны білген футболшы оны ойынға шақырып, кішкентай жанкүйерімен бірге бір күнін өткізді.

Еске салайық, осыған дейін Венгриядағы Петроа Лазло есімді оператор әйелдің полициядан баласын көтеріп қашқан ер адамды шалып қалғаны бейнеленген кадр бүкіл әлемнің жағасын ұстатқан еді. Кейін Заид есімді баланың әкесінің Сириядан келген босқын екендігі анықталды. Әкесі Осама Абдул Мохсен Испанияға көшіп келуді ұйғарыпты. Ол Хетафе мектебінде футбол жаттықтырушысы болып жұмысқа тұрған.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай