Криштиану Роналду Чемпиондар лигасынан кейін адам танымастай өзгеріп кетті

05 Маусым 2017, 09:26
0
Криштиану Роналду Чемпиондар лигасынан кейін адам танымастай өзгеріп кетті - © Instagram.com
© Instagram.com

"Реал" шабуылшысы Криштиану Роналду Чемпиондар лигасынан кейін имиджін өзгертіп, жанкүйерлерін таңғалдырды. Жаңа имиджбен түскен суреттерін футболшы Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

"Сіздерге ұнай ма??????", - деп жазған Криштиану Роналду әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сондай-ақ, Роналду ұлымен және қызы Джорджина Родригеспен түскен суреттерін жариялады.


"Реалдың" тағы бір ойыншысы Карлос Каземиро да Чемпиондар лигасынан кейін имиджін өзгерткен.

Еске сала кетейік, 3 маусымда мадридтік "Реал" Чемпиондар лигасының жеңімпазы болған еді. Финалда испан клубы италиялық "Ювентус" командасын жеңді. Кардифф қаласындағы "Миллениум" стадионында өткен матч 4:1 есебімен аяқталған болатын.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай