08 маусым 2021 09:16

"Қырымды қосып қойған". Футболдан Украина құрамасының жаңа жейдесі дау тудырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Андрей Павелко/Facebook © Андрей Павелко/Facebook

Украина футбол қауымдастығының президенті Андрей Павелко Facebook желісіндегі парақшасында Украина ұлттық құрамасының Еуро-2020 турнирінде киетін жаңа жейдесін көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Украина футбол қауымдастығының президенті Андрей Павелко Facebook желісіндегі парақшасында Украина ұлттық құрамасының Еуро-2020 турнирінде киетін жаңа жейдесін көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл жейдеде Украинаның картасы көрсетілген. "Қырым, Донецк, Луганск, Киев, Днепр, Львов, Одесса және барлық қала мен ауыл бар", - деді Павелко.

Жейденің артқы жағында украин тілінде "Слава Украине!", ал ішкі жағында "Героям слава!" деп жазылған. Мұны Павелко жариялаған фотосуреттерден көруге болады.

"Біз Украинаның сұлбасы ойыншыларға күш береді деп сенеміз, өйткені олар бүкіл Украина үшін күреседі. Ал бүкіл Украина, Севастополь мен Симферопольдан Киевке дейін, Донецк пен Луганскіден Ужгородқа дейін оларды әр матчта қолдайды", - деп жазды Украина футбол қауымдастығының президенті.

Мәскеу украиналық футболшылардың бұл жейдесін сынға алды. Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты Дмитрий Свищев УЕФА-ны бұл жейдеге тыйым салуға шақырды. Сенатор Сергей Цеков жейдеде "ұлтшылдық ұрандар" жазылғанын айтты.

Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Facebook желісіндегі парақшасында "Украинаның футбол командасы өз жейдесінде Украина аумағын Ресейдің Қырымына қосып қойды" деп жазды.

Euronews мәліметінше, егер Украина құрамасы Санкт-Петербургте өтетін ширек финалға шықса, УЕФА Еуропа чемпионатының плей-офф кестесін өзгертпейді. Еуропалық футбол қауымдастықтарының одағы Мәскеудің наразылығына қарамастан, бұл жейдені мақұлдады.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков те бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірген: "Бұл чемпионат ұйымдастырушыларының құзырында. Спорт - бұл спорт. Біз орыстар мен украиндар арасындағы өшпенділікті қоздырудан жоғары болуымыз керек. Біз бұған қашан да қарсы болғанбыз. Керісінше, біз екі туыс халық екенімізге сенімдіміз".

Футболдан Еуропа чемпионаты 11 маусымда басталады. Санкт-Петербургте турнирдің жеті матчы өтеді, оның ішінде ширек финал ойыны бар. Украина құрамасы Голландия, Солтүстік Македония және Австриямен С тобында ойнайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети