31 наурыз 2014 15:39

Қызылорда мектептерінде футбол алаңдары салынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Үстіміздегі жылы Қызылорда облысында балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту мақсатында спорттық алаңдар салу жоспарланып отыр. Бұл орындар өңірдегі мектептер базасында қолға алынатын болады, деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі.


Үстіміздегі жылы Қызылорда облысында балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту мақсатында спорттық алаңдар салу жоспарланып отыр. Бұл орындар өңірдегі мектептер базасында қолға алынатын болады, деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі.

Облыс әкімінің орынбасары, облыстық футбол федерациясының президенті Нұржан Әлібаевтың айтуынша, үстіміздегі жылы Сыр өңірінде 10 футбол алаңын салу жоспарланып отыр. Оның алғашқысы сәуір айында басталады. Бұл спорттық алаң Қызылорда қаласындағы №101 орта мектептің базасында салынбақ. Олардың жан-жағы қоршалады, Сондай-ақ, биыл №12 және №187 орта мектептерге де тап осындай футбол алаңдары салынады. Ал қалған жеті алаң облыстың аудандарында орын тебеді.

Федерация Қызылорда қаласында футбол алаңдарын салып, оларды мектептердің балансына бергенімен, бақылау құқығын өзінде қалдырады. Яғни, алаңдардың тозып кетпеуі қадағаланады. Сонымен қатар, кез-келген уақытта федерация сол жерлерде өз турнирлерін өткізетін болады. Жалпы, федерацияның қазіргі басты ұстанымы – өңірде спорттық инфрақұрылымды дамыту.

Сондай-ақ, қызылордалық жанкүйерлер үшін жағымды жаңалық – биыл футболдан Қазақстан Республикасының екінші лигасында Қызылорданың тағы бір командасы ойын көрсетеді. Ол "Байқоңыр" деген атаумен қатысады. Алдарына брінші лигаға жолдама алу міндеті қойылған. Бұл командада облыстың бас командасына өте алмай қалған жас дарындар ойын көрсетеді. Олар бірінші лигада тәжірибе жинақтап, қайта бас командаға өтуге мүмкіндік алады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети