Атақты футболшы Лионель Месси Испания қазынасына 33 млн евро төлейді, бұл туралы Lenta.ru Marca басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Атақты футболшы Лионель Месси Испания қазынасына 33 млн евро төлейді, бұл туралы Lenta.ru Marca басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
"Барселона" клубы мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси қазынаға 32,9 млн евро көлемінде қаражатты қайтаруы тиіс. Ол салықтан жалтарды деп айыпталып отыр.
Басылымның мәліметінше, футболшы мен оның әкесі 2007-2009 жылдар аралығында салық төлемей, мемлекетке барлығы 4,1 млн евро қарыз болған. 2013 жылдың тамыз айында олар 5 млн евроны төледі, дегенмен футболшы айыппұл ретінде осы соманың 65%-ын тағы төлеуі тиіс.
Лионель Мессидің қарызы мұнымен бітпейді. Ол алдағы бес жыл ішінде 2010-2012 жылдары жасаған заңбұзушылықтары үшін тағы 25 млн евро төлейтін болады. Салық органдарымен арада жасалған келісімнің талабы осындай.
Бұған дейін соттың футболшыны қылмыстық жауапкершіліктен босатқаны хабарланған еді. Өйткені Месси салық заңнамасының талаптарын білмеген.