Алматыда футболдан Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі "Қайрат" пен "Бордо" (Франция) қарымта кездесуінің билеттері 3 есе қымбатқа сатылып жатыр. 27 тамыз күні Алматыда өтетін ойынның көп билеттері алыпсатарлардың қолында жүр. Massaget.kz тілшілері Алматыда "Қайрат" - "Бордо" кездесуінің билеттерін Алматының "Орталық" стадионының маңында қымбатқа сатқандарды видеоға түсірді.

Билеттерді қайдан алғандарын сұраған тілшіге олардың бірі ұйымдастырушылардан, ал бірі сайттан сатып алғанын айтады. Сонымен қатар, 500 теңге тұратын билетті олар үш есе көбейтіп сатқысы келеді.
"(...) Дегенмен қызығушылықты тежейтін факторлардың азаймай жатқаны бізді қынжылтады. Солардың бірі - алыпсатарлар. Олар - билетті кассадан сатылымға шықпай жатып арзан бағаға сатып алып, артынша халыққа екі-үш есе қымбат бағаға сататын жандар. Алыпсатарлардың бұл қылығынан ең бірінші зардап шегетін футболсүйер қауым, артынша онсыз да ақсаңдап келе жатқан қазақ футболы", - дейді басылым тілшілері.
Соңында тілшілер "Олар билетті қаншаға сатып жатыр?", "Кімнің қарауында жұмыс істейді?", "Олардың саны нешеу?" - деген сауал тастайды.
Еске салайық, алматылық "Қайрат" клубы Еуропа лигасының плей-офф раундының бірінші ойынында француздың "Бордо" командасынан жеңіліп қалған болатын. Кездесу 21 тамызға қараған түні "Нуво Стад де Бордо" стадионында өткен еді. Матч, букмекерлер болжағандай 1:0 есебімен аяқталды.