1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Футбол

"Қайрат" клубы Еуропа лигасының бірінші ойынында "Бордо" командасынан жеңіліп қалды

"Қайрат" клубы Еуропа лигасының бірінші ойынында "Бордо" командасынан жеңіліп қалды "Қайрат" клубы Еуропа лигасының бірінші ойынында "Бордо" командасынан жеңіліп қалды

Алматылық "Қайрат" клубы Еуропа лигасының плей-офф раундының бірінші ойынында француздың "Бордо" командасынан жеңіліп қалды. Кездесу 21 тамызға қараған түні "Нуво Стад де Бордо" стадионында өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Матч, букмекерлер болжағандай 1:0 есебімен аяқталды. Алаң иесі ретінде "Бордо" футболшылары ойынды белсендірек бастап, жиі шабуыл жасады және допқа көбірек иелік етті. Есепті ойынның бесінші минутында қарсыластардың шабуылшысы Кизе-Телин аша алар еді, алайда оның жасаған соққысынан доп қақпадан қисық кетті.  

Ал 9-шы минутта "Қайрат" айып добын тебуге мүмкіндік алды. Исаэль қақпаға допты айналдыра тепкен еді, алайда "Бордо" қақпашысы оны жұдырықпен қақты. 

Ойынның 27-ші минутында "Бордо" жартылай қорғаушысы Вахби Хазри айып алаңында допты ширата теуіп, қазақстандық клубтың қақпасына дәл кіргізіп, гол соқты. 

Ойынның екінші жартысында екі жақ қақпаға да қауіпті сәттер туды. Алайда бірінші таймда соғылған гол бұл матчтың тағдырын шешті.

Командалар арасындағы қарымта кездесу 27 тамызда Алматының Орталық стадионында өтеді. Бұл жұптың жеңімпазы Еуропа лигасының топтық кезеңіне жолдама алады.

© AFP