Матч кезінде төбелескен "Қайрат" пен "Ордабасы" ойыншылары жазаланды

28 Қыркүйек 2014, 12:29
0
Матч кезінде төбелескен "Қайрат" пен "Ордабасы" ойыншылары жазаланды - ©"Қайрат" ФК
©"Қайрат" ФК

Алматылық "Қайраттың" ойыншысы Любомир Михалик пен шымкенттік "Ордабасы" футболшысы Қайрат Әшірбеков матч кезінде төбелескені үшін алдағы үш ойыннан шеттетілді, - деп хабарлайды Vesti.kz Кәсіби футбол лигасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл оқиға Қазақстан премьер-лигасының 26-турында болды. Командалар арасындағы төбелестен соң Әзірбеков пен Михалик алаңнан қуылды. Ойыншылар алдағы үш ойыннан шеттетілді, үшінші ойынға қатысты қолданылған шара - шартты түрдегі жаза. Қызыл карточка алған "Қайраттың" қорғаушысы Артур Едигарян қарсыласын гол салудың айқын мүмкіндігінен айырғаны үшін бір ойыннан шеттетілді.

Алаңда жағымсыз әрекетке барып, ойыннан екі футболшысының қуылғаны үшін "Қайрат" командасына 150 мың теңге айыппұл да салынды. Ал жанкүйерлері алаңға түрлі зат лақтырған "Ордабасы" 300 мың теңге төлейтін болды. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар. 

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай