24 маусым 2014 21:06

Мирослав Беранек Чехияның "Славиясына" бас бапкер болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото fotbal.idnes.cz сайтынан алынды Фото fotbal.idnes.cz сайтынан алынды

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері, чех маманы Мирослав Беранек өз елінде "Славия" (Прага) клубының тізгінін қолына алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері, чех маманы Мирослав Беранек өз елінде "Славия" (Прага) клубының тізгінін қолына алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Прага клубының ресми сайты Мирослав Беранекпен үш жылға келісімшартқа отырғандарын мәлімдеді. Негізі, бұл клуб – Чехияның үш дүркін, ал Чехословакияның тоғыз дүркін чемпионы.

Бірақ биыл жанкүйерлерін жасытып, Чехия чемпионатының жоғары тобындағы 16 клубтың ішінде 13-орынмен шектелді. Тіпті екінші лигаға түсіп қала жаздағандай да...

Енді бұл клуб Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкеріне сенім артып отыр. Бұл орайда Мирослав Беранектің өзі:

Мен "Славияның" қайтадан Еурокубок додаларында өнер көрсеткенін қалаймын. Ол үшін команданың ойын өрнегін жетілдіріп, шүмектетіп тер төгу қажет. Мен әрбір ойыншыдан аянбай еңбек етуді талап етемін. Жеке өзім үшін бұл – үлкен мүмкіндік. Біз бәріміз бірлесе еңбек етіп, клубты қайта жоғары деңгейге көтеруіміз керек, – депті клубтың ресми сайтында.

Біз өз кезегімізде чех маманына толағай табыс тілейміз. 2011 жылдың басынан 2013 жылдың аяғына дейін Қазақстан ұлттық құрамасын жаттықтырып, біздің футболымызға өз қолтаңбасын қалдырған маман бір кездері өзі ойнаған (1984-1989 жж) және жаттықтырған (1993-1995 және 2001-2003 жж) "Славия" клубының тасын өрге домалатуына тілектеспіз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети