ПСЖ Роналдуға 45 миллион еуро ұсынып отыр - БАҚ

30 Мамыр 2018, 18:52
0
© REUTERS
© REUTERS

Француздық "Пари Сен-Жермен" "Реал" шабуылшысы Криштиану Роналдуға жылдық табысы 45 миллион еуро болатын келісімшарт ұсынуға дайын, ал мадридтік клубқа  португалиялық футболшының трансфері үшін 150 миллион еуро бермекші, - деп хабарлайды Р-Спорт порталы As басылымына сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, Роналду ПСЖ-мен келісімшарт жасасатын болса, онда оның табысы "Барселонадағы" Лионель Мессидікімен теңеседі екен. Осыған дейін Роналду "Реалдан" кететіні жайлы айтып қалған еді. "Корольдік клубтың" президенті Флорентино Перес португалиялық футболшымен келісімшарт 2021 жылға дейін толтырылғанын айтады. 

ПСЖ Роналдумен келісімшарт жасасу үшін командадағы сұрмерген Эдисон Каванимен, Гонсало Гедешпен және жартылайқорғаушы Анхель Ди Мариямен қоштасуға дайын екенін жеткізді. 

Роналду "Реал" сапына 2009 жылы "Манчестер Юнайтедтен" ауысып келген. "Корольдік клубтың" сұрмергені екі рет Испания чемпионы және төрт рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай