"Қайрат" - "Бордо" кездесуінің билеттері таусылып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қайрат" - "Бордо" кездесуінің билеттері таусылып қалды © Fckairat.kz

Алматыдағы Орталық алаңның кассасында Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі "Қайрат" пен "Бордо" (Франция) қарымта кездесуінің билеттері таусылып қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы Орталық алаңның кассасында Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі "Қайрат" пен "Бордо" (Франция) қарымта кездесуінің билеттері таусылып қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Билеттер алғашында Интернет арқылы сатылды. Кейін Интернет сатылым тоқтатылып, қалған орындар касса арқылы сатыла бастады. Матчқа екі күн қалғанда билеттердің барлығы сатылып бітті.

Айта кетейік, Алматыдағы Орталық алаң 23 807 адамға арналған. Бұл матчқа адамдардың көп келетінін білдіреді. Сонымен қатар, футбол жанкүйерлері матч кезінде флешмоб қоятындарын хабарлады.

Әлеуметтік желілер арқылы түрлі ұсыныстар түсіп жатыр. Жанкүйерлердің бірі 20-шы минутта үнсіздік жариялап, сосын бірден "Қайрат" деп айқайлауды ұсынды. Төмендегі видеода "Бешикташ" жанкүйерлерінің матч кезіндегі осындай әрекеті бейнеленген.

Сонымен қатар, 50-ші минутта шам жағып "Оле-оле, "Кайрат" - чемпион" деп айғайлау да ұсынылды. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

"Қайрат" пен "Бордо" қарымта ойыны 27 тамызда сағат 20.45-те басталады. Кездесуді "Қазақстан" телеарнасы тікелей таратады. Еске салайық, алматылық "Қайрат" клубы Еуропа лигасының плей-офф раундының бірінші ойынында француздың "Бордо" командасынан жеңіліп қалған болатын.

 

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети