02 қыркүйек 2014 09:28

Рим папасы қайырымдылық матчын ұйымдастырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рим папасы Франциск. ©gazzetta.it Рим папасы Франциск. ©gazzetta.it

Рим папасы Газа секторында бейбітшілікті қолдап, дінаралық қайырымдылық футбол матчын ұйымдастарды, - деп хабарлайды Daily Mail. Оның бұл ісіне миландық "Интер" клубының және Аргентина құрамасының бұрынғы капитаны Хавьер Санетти көмектесті.


Рим папасы Газа секторында бейбітшілікті қолдап, дінаралық қайырымдылық футбол матчын ұйымдастарды, - деп хабарлайды Daily Mail. Оның бұл ісіне миландық "Интер" клубының және Аргентина құрамасының бұрынғы капитаны Хавьер Санетти көмектесті.

Ойын Римдегі "Стадио Олимпико" стадионында өтті. Командаларға Рим папасы мен Санетти көмектесетін Scholas және Pupi foundation қайырымдылық қорларының атауы берілді. Бұл кездесуде 6:3 есебімен аргентиналық футболшының командасы жеңіске жетті. Санеттимен бірге бұл мачта Диего Марадона, Зинедин Зидан, Лионель Месси, Неймар, Джанлуиджи Буффон, Аллесандро дель Пьеро, Андрей Шевченко және Андреа Пирло сынды әлем футболының жұлдыздары ойнады. Айта кетейік,  Рим папасы бірнеше жылдан бері  аргентиналық "Сан-Лоренсо" клубының жанкүйері болып келеді. 

Рим папасы мұндай ерекше әрекеттерімен бірінші рет көзге түсіп отырған жоқ. Мәселен, ол өзінің 77-ші туған күнін үш үйсіз баланың және иттің қасында өткізген. Рим папасының мерейтойын Әкейлердің қайырымдылық қызметінің есебінде тұрған кедейлер бөліскен. Туған күнді тойлау дұға және таңғы аспен басталды. Айта кетейік, туған күнде болған ит кедейлердің біріне тиесілі. Негізі, дәстүр бойынша Рим папасының туғаны күні Ватиканда атап өтілмейді, өйткені бұл күн онда жұмыс күні болып есептеледі. Дегенмен Рим папасына деген құттықтаулар әлемнің шартарабынан келді. Ватикан телеарнасы бұл күні Франциск әкейдің ең жарқын сәттерінен видеоролик дайындады. 

 

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети