12 қазан 2016 18:28

Румыния Қазақстанмен өткен ойындағы төрешілік пен жасанды алаңға байланысты УЕФА-ға шағым түсіреді

ПОДЕЛИТЬСЯ

stats.ilook.ru stats.ilook.ru

Румыния футбол Федерациясы (ФФР) Қазақстанмен өткен ойыннан кейінУЕФА-ға шағымданатын болады, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Румыния футбол Федерациясы (ФФР) Қазақстанмен өткен ойыннан кейінУЕФА-ға шағымданатын болады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Рымын федерациясындағылар "Астана Аренасының" қолдан жасалған газонына және португалиялық төреші Мануэль Жорже де Соуза бастаған судьялар бригадасының жұмысына көңілдері толмайтынын айтты.

"Менің ойымша, бұл газон футбол ойнауға мүлдем жарамайды. Бұд құрамалар арасындағы ойындар да ғана емес клубтық кездесулерге де қатысты. Осы алаңда гол соға алмаған "Атлетико" мен "Галатасарай" клубтарының ойынына қараңыз. Сонымен қатар маған қарсылас команданың дөрекі ойыны ұнаған жоқ. Әдейі келіп жарақат алсын деген оймен соққылар жасалып жатты. Біздің бірнеше футболшымыз жарақат алды. Біз УЕФА-ға шағым түсіреміз. Әрине біз, нәтиже өзгереді деп ойламаймыз, бірақ қандай да бір шараның қолданғанын қалаймыз", - деді Румыния футбол федерациясының басшысы Разван Бурлеану.

Еске салайық, Еске салайық, бұл кездесу тең аяқталған еді - 0:0. Сөйтіп, 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінен құрамамыз екінші ұпай алып отыр. Ойынның ең қызықты сәттеріннен үзіндіні ұсынамыз. Қазақстан құрамасы келесі ойынын 11 қарашада Копенгагенде Дания құрамасымен өткізеді.  Қазақстан құрамасының ойыншысы Дмитрий Шомко Румыниямен өткізген матчқа қатысты пікірінде қарсыластардың ойнау мәнерін сынаған еді. "Өз ар-ұяттары білсін. Өздері сондай футбол ойнаса, бұл оларға ұнайды деген сөз - тиіспесең де ауырсынып жатып алады, түрлерін тыржитып жатып алады", - деді ол. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети