16 маусым 2022 17:00

SD Family: Медиа Футбол Лигасы, алғашқы нәтижелер және турнир фаворитімен қақтығыс

ПОДЕЛИТЬСЯ

Блогерлер футболы белсенді түрде дамуда және оның қатысушылары мен жанкүйерлері күннен-күнге көбеюде. Жұлдызды футболистердің басты жиындарының бірі Ресейде өтетін Медиялық Футбол Лигасы болып табылады. Бұл - спорт, ойын-сауық, музыка және өнер индустриясының ең жарқын өкілдерін жинайтын бірегей футбол influencer-жобасы.


Блогерлер футболы белсенді түрде дамуда және оның қатысушылары мен жанкүйерлері күннен-күнге көбеюде. Жұлдызды футболистердің басты жиындарының бірі Ресейде өтетін Медиялық Футбол Лигасы болып табылады. Бұл - спорт, ойын-сауық, музыка және өнер индустриясының ең жарқын өкілдерін жинайтын бірегей футбол influencer-жобасы.

Турнирде 10 клуб өнер көрсетеді, онда жақында қазақстандық команда SD FAMILY қосылды, олардың басты серіктесі 1XBET болып табылады. Осылайша Дидар Сыдықбектің ұжымы отандық футбол тарихында Медиалық Футбол Лигасында ойнауға шақырылған жалғыз команда болды.

SD-мен бірге лигада 2Drots, Reality, НаСпорте, МАТЧ ТВ және басқа да әйгілі командалар өнер көрсетеді.

Қазақстандық ұжым бұл лигада көпшілікті таңғалдырып үлгерді: Reality командасын 3:1 есебімен ұтып, ал басты фаворит 2Drots командасымен өткізілген матчта "жанұя" 1:1 есебімен тең ойын көрсетті. Ресей командасының үлкен фан-базасы бар, YouTube желісінің өзінде оларды үш миллионнан астам жанкүйер бақылайды, ал Instagram және VK желілерінде 460.000 көп жазылушылары бар.

SD командасы да әлеуметтік желілерде өте белсенді. Біз команданың мұндай нәтижелері жақын арада жаңа аудиторияны тартып, команданың фан-базасы Қазақстаннан да тыс жерлерде арта түседі деген сенімдеміз.

2Drots-пен болған ақырғы матч жайында айтсақ, ол жарқын әрі шиеленісті өтті. Блогерлер футболы үшін рекорд болған 300 мыңнан астам көрермен бақылаған Ресей мен Қазақстанның үздік командаларының кездесуі барысында тартыс-таластар аз болмады. Бұл сәттер шағын даулы жағдайға ұласып, әлеуметтік желіреде резонанс тудырды және футбол сүйер қауымның қызығушылығын оятты.

Матчтан кейін SD FAMILY-дің Instagram парақшасында 2Drots командасының басты ойыншысы Некит қарсыластары туралы жағымсыз пікір айтқаны түсірілген бейнежазба жарияланды. SD капитаны Дидар матчтан кейінгі интервьюінде бұл жайтқа байланысты мынадай пікір білдірді:

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ФУТБОЛЬНЫЙ КЛУБ «SD FAMILY» (@sdfamily.fc)

"Біз нәтиже көрсетуге келдік. Егер бізге әдемі ойын керек болғанда, онда біз ойнар едік. Бізге турнир кестесі әдемі футбол ойнауға мүмкіндік бермейді - бізге нәтиже қажет. SD командасы 2Drots-пен тең ойын көрсетті. Адамдар не десе де, айта берсін", - деп Сыдықбек түйіндеді, онымен интервьюер келісіп, клубты көрсеткен ойыны үшін мақтады.

Дау оң шешілгенін айта кету керек, және де командалар бұдан да жарқын әрі қызықты болатын жаңа турнирге дайындалуда. Қазақстандық командаға сәттілік тілейміз!

Жарнамалық материал
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети